Мысырлықтар жаяулатып, соғыстан жапа шегіп жатқан Газаның бейбіт тұрғындарына азық пен су жеткізе бастады

Ал Газа аумағындағы барлық ауруханалар дерлік үйіндіге айналған

бейнежазбадан үзінді

АҚШ Президенті Джо Байден Палестина Президенті Махмуд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әңгіме барысында Махмуд Аббас Израильдің Газа тұрғындарын көшіру әрекетін айыптаған.

Бүгін Израиль Газаның солтүстік бөлігіне ауқымды құрлықтық шабуыл бастайды. Ал оңтүстігіне 3 сағатқа гуманитарлық дәліз ашуға мүмкіндік бермек.

"Хамас" жасағының жетекшісі Исмаил Хания Газа тұрғындары соғыс кезінде ешқайда кетпейтінін, Мысырды да паналамайтынын мәлім етті.

Loading...