Жылдың соңына қарай инфляция 10-12%-ға төмендейді - Ұлттық банк

Мұны Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді.

ru.sputnik.kz

Қазақстанда инфляция 2023 жылдың соңына қарай 10-12%-ға дейін төмендейді. Бұл туралы onnews.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп хабарлайды. 

"Инфляция биыл 10-12% болады және 2025 жылдың соңына қарай 5,5-7,5%-ға дейін баяулайды, содан кейін 5%-ға жақындайды", – деді Пірматов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бұған сыртқы орта тарапынан инфляциялық қысымның одан әрі әлсіреуі және ақша-несие шарттарының тежелуі ықпал етеді.

Loading...