"Ирина Кайратовна" тобының мобилографы концерт кезкезінде қайтыс болды (видео)

Ирина Кайратовна” тобының мобилографы Астанада концерт кезінде көз жұмды.

Бейнежазбадан үзінді

Ирина Кайратовна” тобының мобилографы Астанада концерт кезінде көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мобилограф концерт басталмай тұрып сахнада құлап қалған. Кейіннен топ мүшелері өнер көрсетпейтіндерін хабарлады. 

“Бұл туралы айту өте қиын. Біздің мобилографтың сахнадан құлап қалғанын көрген боларсыздар, ол көз жүмды. Өкінішке қарай, біз бүгін алдарыңызда өнер көрсете алмаймыз. Келгендеріңізге, бізге қолдау көрсеткендеріңізге көп рахмет. Біз сіздерді жақсы көреміз”, - деді ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов.

Астана полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 14 қазан күні концертте 21 жастағы мобилограф есінен танып, сахнаға құлаған. Өкінішке қарай, ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

"Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Әкімдік пен көрермендер түсіністік танытып, концерт у-шусыз аяқталды", - деп хабарлады Астана ПД.

Кейбір ақпарат көздері оның миы ісіп кетіп, бірден көз жұмғанын жазуда. 

 

Loading...