"Қазақша стиль": Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын нокаутпен жеңді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Винченцо Гуальтьериді нокаутпен жеңді.

stan.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Винченцо Гуальтьериді нокаутпен жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отандасымыз германиялық Винченцо Гуальтьериді техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBO және IBF белбеулерін иеленді. 12 раундқа жоспарланған кездесу мерзімінен бұрын 6-раунда аяқталды. 

АҚШ-тың Розенберг қаласында өткен бокс кешінде 30 жастағы Жәнібек Әлімханұлы алғашқы раундтарда айқын басымдық танытып, қарсыласын дәл соққылармен есеңгіретті. Ал 6-раундта Гуальтери қарсылық таныта алмады, сондықтан төреші жекпе-жекті тоқтатып тастады.

“Бұл – біздің бокс, бұл – “Қазақша стиль”. Осындай стильді тарихта қалдырғымыз келеді”, – деді Әлімханұлы кездесу соңында. 

Еске салайық, бұл – Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы 15-жеңісі. Сондай-ақ еліміздің бокс тарихындағы қос белбеуді біріктіруге арналған кездесуде жеңіске жеткен екінші боксшы. Бұған дейін тек Геннадий Головкин екі рет белбеу біріктірген еді. 

Loading...