"Қар аралас жаңбыр мен аяз күтіледі": 14-16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет Қазақстан бойынша 14-16 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады

ашық дереккөзден

Қазгидромет Қазақстан бойынша 14-16 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің айтуынша алдағы күндері күн суытып, елдің бірнеше аймағында жауын шашын болады.

Мамандардың болжамынша, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аяз күтіледі. Алдағы үш тәулікте солтүстік-батыс, солтүстікте, шығыс пен орталықта, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік- шығысындағы таулы аудандарда қар аралас жаңбыр күтіледі.

16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын болжануда.

Ал республиканың батысы мен оңтүстігік бөлігінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Қазақстан бойынша тұман мен желдің күшеюі болжануда.

Республиканың басым бөлігінде күндіз 10-20 градус, түнде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда 1-3 градус үсік күтіледі.

Loading...