Әнші Сәкен Майғазиев жол апатына түсті

Танымал әнші Сәкен Майғазиев Сарыағашқа барар жолда жол апатына ұшырады

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev

Танымал әнші Сәкен Майғазиев Сарыағашқа барар жолда жол апатына ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жолда жүрген жолаушыларға асықпай, абайлап жүру керегін ескертті.

Бір Алла қақты. Әсіресе, ана машинаны қаққан екен. Бағанаға ұрмай Құдай сақтаған екен. Сарыағашқа келе жатыр едік, осындай жағдай орын алды. Бәрі жақсы болсын енді. Асықпаңыздар, жол тар, машина көп. Басып озамыз деп осындай жағдай орын алды. Аллаға шүкір аман қалғанымызға, жарақат алмағанымызға. Ең бастысы аманбыз. Бір Алла сақтады, абайлап жүріңіздер, жол тар, көлік көп, бір-бірімізден басып озамыз деп осындай жағдай орын алды, - дейді әнші.

Loading...