Белгілі айтыс ақыны Айнұр Тұрсынбаеваның әкесі мен шешесі жайлы не білеміз?

Белгілі айтыс ақыны Айнұр Тұрсынбаеваның әкесі есімі тек Семей өңіріне емес, Қазақстанға танымал ақын

ашық дереккөзден

Белгілі айтыс ақыны Айнұр Тұрсынбаеваның әкесі есімі тек Семей өңіріне емес, Қазақстанға танымал ақын, жиырмадан астам жыр жинақтарының авторы СЕРІК ЖҰМАТОВ. Бұл туралы Semeytany.kz тілшісі хабарлайды.

Қазір Абай облысына қарасты Ақсуат ауданында тұрады. Серік пен Айнұрдың анасы Манат бір ауылда, Қарғыба ауылында тұрған. Манат Серіктің қарындасы Камалмен бір сыныпта оқыған екен. Қарғыбада киномеханик болып жұмыс істеп жүрген Серік қарындасының құрбысы Манатты ұнатып, екеуі 1976 жыл жеке отау құрған екен.

— Айнұр мамыр айының 3 күні дүниеге келген. Айнұрдың анасы Семейдегі медицина училищеге оқуға түскен соң екеуміз қалаға қоныс аудардық. Алайда аяғы ауыр болғандықтан ол көп кешікпей ауылға қайтты. Мен Семейдегі ет консерві комбинатында жұмыс істей жүріп «Жастық » атты халық театрының мүшесі болдым. Айнұр туар алдында анам түсінде айдың нұрына шомылып жүрген екен. Сөйтіп анам немересіне Айнұр деп ат қойды. Көп кешікпей келіні Манат Семейдегі оқуына кетті. Айнұр әжесінің қолында қалды. Сол кезде 60 жастағы анамның омырауынан сүт шыққан еді,- дейді Секең.

Серіктің әкесі Зейнетай мен анасы Бақтыбала ел ішіне ақындық өнерімен танымал болған жандар екен.
Серік пен Манат Айнұр бір жастан асқан кезде ажырастып кеткен екен.
Серік қызы Айнұрдың есімі елге танымал тұлға болып қалыптасқанын мақтаныш етеді.

Айнұр Тұрсынбаеваның :
— Ақындық қасиет әкемнен дарыған. Әкенің разылығынсыз ,оның батасын алмай, баласының жолы болмайды. Жолым ашылсын десең әкенің батасы өте қажет екенін өз басымнан өткен соң айтып отырмын, — дегені есімізде.

Айнұр әкесіне Меккеге баруға жолдама сыйлап,айтыстан ұтқан автокөліктерін де сан мәрте ұсынған екен.
— Әкеге перзентін абырой биігінен көргеннен артық қандай сыйлық болсын,- дейді Секең.

Loading...