Астанада ер адам көшенің ортасында адамды өлтіріп, автобусқа мініп, қашып кеткен

Астанада 26 тамыз күні түстен кейін Уәлиханов көшесінде "Артем" сауда үйінің маңынан ер адамның мәйіті табылды

Stan.kz

Елордада екі адамның арасында дау туындап, соңы төбелеске айналған. Ер адамдардың бірі екіншісін жерге құлатып, пышақтап, қашып кетті. Жәбірленуші сол жерде мерт болды,- деп хабарлайды OnNews.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Куәгер күдіктінің қай бағытта қашып кеткенін көрсетті. Жедел басқару орталығының қызметкерлері оның автобусқа отырғанын анықтап, оның бағытымен жүрді", – деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде күдікті ағаш зауытының маңында ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындарына қылмыскерді іздеуге көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Loading...