"Жұмақты жердің астынан емес, үстінен іздеген абзал" - Ахметбек Нұрсила өз ойымен бөлісті

Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила фейсбук парақшасында өз ойымен бөлісті

коллаж: OnNews.kz

Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила фейсбук парақшасында өз ойымен бөлісті,- деп хабарлайды OnNews.kz тілшісі

Оның айтуынша жұмақты қазіргі уақыттан іздеген дұрыс дейді.

Менің ойымша жаратушы жерді жұмақ қылып жаратқан.. Шетсіз, шексіз бүкіл ғаламда тіршілік етуге мүмкін жалғыз планета ол Жер ана.. Сондықтан жұмақты жердің астынан емес, үстінен іздеген абзал.. Осы жұмақты тозақ қылып, басқа жақтан жұмақ іздеп жүрген тіршілік иелерінің ішенде тек 2 аяқты адам атты түр..

Сондай-ақ ол жұмақтағы айтылған тіршілік көздері қазіргі өмірде де бар деп салыстырды.

1. Жұмақта су, өсімдік, ағып жатқан шарап, хор қыздары жүрсе ол жақта ауа, оттегі, қысқасы тіршілік жасауға қажет жер бетіндегі сияқты барлық жағдай бар деген сөз ғой. Ол қай ғаламда?

2. Жердің астына түскен соң шіріп қалатын тәнді сол жұмақ деген мекенге кім, қалай алып барып, қайтадан ет салып, жан бітіреді? Оны қалай елестетуге болады?

Loading...