ҚОР БОЛҒАН БАҚЫТ. 4-бөлім

Кейіпкердің айтуымен жазылған

фото ашық дереккөзден

Дидардың сөзі маған күш пен сенімділік бергендей болды.

---Шәке,(ол әрдайым Шекер демей Шәке дейтін) сен мықты бол, өте мықты болуың керек. Сөзге ерме, байыңды жақта, керек болса сол албастыларға күйе жақ, әйтпесе отбасыңды талқандап аласың,-деп бір ойланып алып,көзіме қарап:

---Айналайын-оу, Есекең сен десе ішкен асын жерге қояды ғой, балаларым, жұбайым деп жүргені, аздап ерке, енді қайтеміз әке-шешесі оны қырыққа келгенше еркелетті. Ал былай ол сені жақсы көреді.-деп жанымда құлағыма сыбырлай сөйлеп отырған Дидарға мен таң қалмадым. Менің ойымша ол Есенбайды туғаннан біледі, сырлас, жан досы деп ұғып отырдым.

---Шәке, душпан аяқ астында, ойбай-оу, сен шалынып қалсаң, олар итеріп қулата саладыыыыы,-деп қолымнан сипалап айтып отыр.

Шынымен ауылда үлкен дау басталып кетті. Өткендегі келген әйел арыз жазып, Есенбай қамауға алынды, улап-шулап, өсек сөздер гу-гу ете қалды. Мен Есенбайдың қамауға алынды дегенін есітіп, учасковой кеңсесіне жүгірдім. Кіріп барсам, боп-боз болып, бұрыштағы орындықта отырған күйеуім жалт қарады.

--- Не жағдай, бұл не сұмдық, Есенбай адам өлтірді ме? Неге қамайсың?-деп талай ортақ жұмыс жасап, араласып қалған учасковый жігітке зіркілдедім.

---Апай, сабыр, маған арыз түсті, қыз кәмелетке толмаған. Мен қамауға алуға тиіспін. Ақырындап ауданға жеткізбей шешуім керек. Сіз шыға тұрыңыз ,қазір шағымданушы келеді, бетпе-бет сөйлестірем, шешімі табылмаса ар жағын РОВД-ға хабарлап ауданға алып кетемін, -деді.

---Аудан естімесін, осы жерде шеш, мен саған сенемін,-деп учасковойға сенімді дауыспен айттым.

Бұрышта отырған күйеуіме жетіп барып:

---Сен не сүмірейіп қалғансың, тілге шешенсің ғой, кыз келсе ұятын оят, заңмен қорқыт, батырып-батырып сөйлес,-деп едім:

---Апай, ағайға қызды қорқытуға болмайды, ол жағын маған қалдырыңыз, ал ағай қызға не айту керек екенін біледі, -деп есік жақты көзімен көрсетті.

Мен тез шығып кеңсені айнала бергенде, арғы көшеден қызын жетектеп, жылдам басып келе жатқан әйелді көрдім. Теректің қалқасына жасырына қалдым. Әйел күбірлеп бірдеңе айтып келеді, дәл қасыма келгенде даусы естілді.

--- "Менімен ойнапты, мен оған не сені алғызам, не соттатам,"-деп өте шықты.

Өз бөлмеме келіп, опорный жаққа терезеден қарап тұрмын. Дидар кірді, мен оның неге кіргенін түсіне қойып, қасыма шақырдым. Ол жаныма келіп, терезеге қарап, үнсіз тұр. Учасковый сыртқа шығып темекі тартты, әйел адам жұлқынып, қолдарын ербеңдетіп, бірдеңелер айтып қасында тұр. Мен көз алмай қарап тұрмын. Әйел өзін итерген, барып отырып қалғанын, бетін жауып сескенгенін көрсеткенде мен тұралы айтып тұрғанын түсініп:

---Анау албасты мен тұралы айтып жатыр, мен қазір оған көрсетем,-деп есікке қарай беттеп едім, Дидар білегімнен шап беріп ұстап алды:

---Тыныш, тыныш, тоқта-тоқта, барма,-деп өзіне тартып құшақтап алды.

---Неге? Ол маған келіп айқайлады, үйімде ақылға көнбеді....,-деп айтып дауыс көтере бастап едім, Дидар алақанымен аузымды жауып, терезеге басымды бұрды. Учасковый қолдары ербеңдеп әйелге төніп, бірдеңелерді айтты да, қолын сілтеп ішке кіріп кетті. Біз терезеден қарап тұрмыз, Дидар мені құшақтап, аузымды босатып:

--- Өздері шешеді, ол жерде шындықты тек қыз бен Есекең біледі. Дәл қазір Есенбай не ақ болып шығады, не анау көлікке отырып қамауға кетеді. Ал сен мықты болуың керек. Есенбайың ақ болса да сыр берме, қара болса да сыр берме,-деп екі иығымнан мықтап ұстап тұрып айтып тұр.

Бір сағат өткен соң, Есенбай опорныйдан шықты да, басын тік көтеріп көше бойымен жоғары үй жаққа кетті.

---Ап, бәрекелді! Айттым ғой,-деп Дидар шапалақтап жіберді.

---Не болды сонымен, а? Не болды? Дидар түсіндірші,-дедім түсіне алмай.

--- Ақ, Есекең ақ, ана қаншықтың бір жері ашылды, олар масқара болды,-деп дауыстап айтты.

Мен не қуанарымды, не қуанбасымды білмей басымды ұстап отыра қалдым. Дидар су беріп:

--- Бүгін үйіңе ертерек бар,-деп көзін қысып шығып кетті.

Мен терезеге қайта қарадым. Әйел жұлқына опорныйдан шықты да, алды-артына қарамай кетті. Азғана уақыттан соң басын қасып бір жігіт кірді. Жарты сағат өткен соң, жігіт қызбен қол ұстасып кетіп барады. Мен түсінсем де, тез учасковойға келдім.

--- Апай, мен сіздерден кешірім өтінем, рас беделді азаматты қамауға алып, жүйкелеріңізді жұқарттым, кешірерсіз. қайтейін, апай, жұмысым сол, Есенбай аға өте көрікті, қыздар шетінен ғашық бола берген, қыз ғашық болғаны сонша құрығына осылай ілмек болыпты. Аз-маз қорқытып едік, шындықты айтты,-деп екі қолын екі жаққа жайып, иығын көтерді. Мен үйге асықтым, келсем Есенбай жоқ екен. Ас әзірлеп, балаларды әкелдім. Күйеуім өлердей мас кеш келді. Бөлек бөлмеге жатып, ертесі сөйлеспестен кетіп қалды. Мен күйеуіммен сөйлесе алмай бір айдай жүрдім. Ол маған қатты өкпелегенін көрсетіп-ақ жүрді. Мен кешірім сұрағым келгенмен, өз намысым жібермей тұрды. Жұмыста Дидармен сөйлесем.

---Өзің жалпаңдап, жалынушы болма, ол енді біраз өзінше болып жүреді. Не саған жеңіл болды ма? Сен де сөзге қалдың, ел сыртыңнан күлді. Сен де осы ауылда беделді адамсың ғой, саған сол жараса ма?-деп айтып еді, мен тіпті иілмей қойдым.

Басында кешірім сұрамақ болып едім, енді ол менен кешірім сұрасын деп жүріп алдым. Қызу жұмысымның қызығына батып, бала-шағамды қарап, тек ас әзірлеп, алдына қойып, сөйлеспей қойдым. Ол маған жоламай қойды өзім жаныма шақырғанға қатты намыстанып, сол әрекетін мен түсінбей қорландым. Ол өзі күйеудің борышын өтейін де демейді, сөйлеспейді, жұмыстан келсем өз бөлмесіне кіріп шықпайды, көп уақытын жұмысында өткізеді.

---Сен үй көрмейтін болдың ғой,--дедім бір күні шыдамай.

---Себебі жұмыс көп,-деп қысқа қайтарып, тағы бөлмесіне тығылды.

Мен артынан барып өз жатын бөлмеме шақырмадым. Әттең, сол қылығым қате екенін білсем ғой.

Ол заманда кәсіпті жаңарту, жоғарлау, білім арттыру деп алыс қалаға оқуға жіберетін, тәжірибе алмасу дегені тағы бар, сонымен қырық күндік дәріс алам деп алыс қалаға жолдамамен жол жүріп кеттім. Балаларымды келініме қалдырдым. Мен он күн сабақта болғанда Дидар да солай жолдамамен келді. Ол жиырма күнге келіпті. Сол бір бөтен орта, бөтен жерде мен болған жағдайдан кейін өзім жалғызсырап жүрген едім Дидарды көріп қуанып қалдым. Ауыл жағдайын естіп, біраз әңгімелесіп, бірге жүрдік. Дидар келген соң бір апта уақыт өткен болатын. Үймен хабарлассам қызым әкесінің келмегенін айтты. Көңілім түсіп жападан жалғыз корпустың бір бұрышында тығылып жылап тұр едім Дидар келіп:

---Сен тым көп таусыла береді екенсің. Неге өзіңді аямайсың? Есенбай тегі осы жастарыңа тұрарлық па? Ол жақсылықты түсінбейтін өркөкірек қой, -деп, көз жасымды сүртіп тұрып, аймалай құшақтап, бауырына басып, ернімнен сүйгенде, мен не болғанын түсінбей қалдым.

---Жүр, жүре ғой,-деп құшақтап өз бөлмесіне ертіп келгенде өз аяғыммен кірдім.

Басым айналып, не істеп, не қойып жатқанымды түсінбедім. Бұл ағзамның еркек сағынғаны ма, әлде шайтан ұрды ма, мені құдай атты....

---Шекер, бал шекерім, мен сені сүйемін, сен білесің бе?-деп Дидар айтқанда естіп тұрған сөздерге балқыдым.

Дидардың ыстық қушағына кіре бердім. Менде еш уақытта болмаған қатынас болып, арпалыспен таң атырдық. Дидар өлердегі сөздерін айтып, дәл осы әрекеттің махаббат екенін түсіндірумен болды. Өзімнің осы әрекетіме еш өкінбедім, ұялмадым, маған осындай бірдеңе керек болғандай сезіндім. Мен Дидарға тіл қатпай бөлмеме кетіп қалдым. Ертеңіне тағы жалғасты. Дидар сол он бес күнде бар өнерін салды, барынша маған уақытын да бөлді. Кетерде:

---Сүйіктім, сені ауылда асыға күтемін,-деп кетті.

Маған бәрі бір сияқты көрінді. Қырық күнді артқа тастап ауылға күнәһар болып мен оралдым. Отбасымды жинап сол тірлікті жалғастыра бердім. Күйеуім келген күні күліп қарсы алғандай болды, бірақ маған жоламады. Төрт күн өткен соң, мен ашуланып күйеуіммен жеке қалып сөйлескім келді. Бәріне үлкен нүкте қойып, шешкім келді. Ақыры бәрі бітті ғой деп ойладым

---Есенбай, міне, жарты жыл болды сен маған жоламайсың, алдында да жетістіріп өз борышыңды өтеп жүргенің шамалы еді, не болып жүр?-дедім.

Ол қипақтап, жер шуқып тұрып міңгірлеп:

---Білемін,-деді.

---Нені білесің? Бұл не өмір, біз бір-бірімізге кімбіз? -дедім ашуға булығып.

---Шекер, мен емделіп жүрмін, суық тигізіп алыппын. Парник ыстық, сырт суық, терлеп жүріп шығып-кіріп оңдыртпай суық тигізіппін. Тіпті асқынып кетіпті, енді ұзақ уақыт ем керек,-деді бір қағаздарды қолы дірілдеп көрсетіп.

Мен күйеуімнің ауру екеніне сендім, бірақ ол ауру жүқпалы жаман ауру екенін де түсіндім. Өзі суыған көңілім тастай қатты. Елдің аузы тыныш тұра ма, оның үстіне Есенбай өз артын өзі ашып алған соң, оның ұжымының ең тәртіпсіз, өңшең нәпсі қумар жандардың жиналғаны айтылып жатты. Дидар қандайда бір мүмкіндік болса, кездесуімізді уйымдастырып жіберіп, екеуміз ашынаға айналдық. Ол Есенбайдан ажыраспау керек екенін құлағыма құя берді.

---Сен бойдақ болсаң бірден абыройыңнан айырыласың, сені бастықтар сыйламайтын болады, керісінше сені төсекке тартып мазаңды алады. Бойдақ әйелдің есігін кім қақпайды, сөзге қаласың. Ал екеуміздің қатынасымыз бұл махаббат, иә біздің отбасымыз бар, бірақ мен де сен де бала-шағамызды шырылдатып қосылғалы жатқан жоқпыз. Біз таза ләззат алып, өз сағынышымызды ешкімге білдіртпей басамыз. Мен сені өле-өлгенше сүйіп, қолдап өтем,-деген сөзді жиі айта берді.

Мен Дидардың тілін алып, ажырасуға арыз жазбадым. Жылдар зуылдап өтіп жатты. Дидар бас буғалтыр, мен үнемдеуші ойпырмай ақша дегенді оңды-солды жымқыруды мықтап үйреніп, бір-біріміздің артымызды жауып, байып күн кештік. Дидар көлік мінді, енді біздің қарым-қатынасымыз тіптен қыза түсті. "Ауданға кеттік, облысқа кеттік, жиналыс, той,"- деп шапқылап кеткен болып, өз шаруамызды тындырып жүрдік. Екеумізде де ұят деген сол бір қалада қалып қойғандай. Есесіне Есенбай маған жоламаған күйі жоламай жүр, не хал-жағдайымды сұрап қалай жүргенімді білмеді. Арада он жыл уақыт өтте шықты. Заман өзгерді, қайта қуру, жекешелену деген басталып, колхоз-совхоздар құлдырап, өкіметтен келетін қыруар ақша азайып қысқартулар басталып кетті. Біздің колхозда бірінші болып жылыжай қысқартылды. Бұрындары қарамағында отызға жуық жұмысшысы бар ұжым қысқартыла-қысқартыла он адам қалды. Оның біреуі, тракторист, күзетші, үш бақшашы, үш көксақ егуші, бір аспаз және Есенбай қалды. Ауылда үлкен құс фермасы бар еді, мүлдем жабылды. Халық жұмыссыздықтан тентіреп кетті. Шеттерінен құрылысшы болып басқа елдерге айлап кетіп жатты. Бұрын егістікке егетін өнімді ауыл тұрғындары өз күштерімен өз отбастарымен игеретін болды. Жылыжайдың өнімі ешкімге керек болмай ақыры үш жылдан соң толық жабылды. 52 ге келген күйеуім жұмыссыз қалды. Ол кезде менің жағдайым тым жақсы еді. Ақыл қосар Дидар бар, талай дүние жинап, қалалы жерден пәтерлер алып, жалға беріп қойып шалқып тұрдым. Тек балаларым өссін кетем деп тосудамын. Амалын тауып жекешеге неше түрлі трактор, комбайн, жүк көлігін иеленіп алдым. Қызым мектеп бітіріп университетте оқып, ұлым соңғы жыл мектепте оқып жүрді. Ие болған көліктерге бауырларымды отырғызып, оларға берген жұмысым болды. Мен баймын, мен беделдімін. Тек күйеуім үйде шалқасынан түсіп жатыр. Достары көп, ішкені арақ болды, мен Есенбайды түсіне алмадым....

4-бөлімнің соңы. Жалғасы бар.

Авторлық құқығым қорғалған руқсатсыз ютупқа салмаңыздар

ЖЕҢІСГҮЛ ТУРСУНБАЕВА
"Өмірден алынған әңгімелер..." тобынан

ҚОР БОЛҒАН БАҚЫТ. 1-бөлім

ҚОР БОЛҒАН БАҚЫТ. 2-бөлім

ҚОР БОЛҒАН БАҚЫТ. 3-бөлім

ҚОР БОЛҒАН БАҚЫТ. 5- бөлім

Loading...