Әнші Наркенже Серікбаеваның күйеуі өмірден өтті

Әнші Наркенже Серікбаеваның жұбайы өмірден өткені жайлы ақпарат желіге тараған болатын.

kznews.kz

Әнші Наркенже Серікбаеваның жұбайы өмірден өткені жайлы ақпарат желіге тараған болатын. Өнер иесі бұл хабарды Instagram парақшасында растады, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

«Көптен бері әлеуметтік желіге шықпай кеттім. Оның бірден-бір себебі: кеше ғана отбасымда қайғылы жағдай болып, менің Құдай қосқан қосағым, тірегім, баламның әкесі мәңгілік сапарға аттанды. Қабырғамыз қайысып, басымыздан сынақ өтіп жатқаны бәріңізге белгілі. Алдымызда қанша арман, мақсаттарымыз бар еді. Қазір енді жалғыз қалып, жапан даланы жалғыз кезген адам секілді болып отырмын. Маған оңай болмай жатыр.

Жалғыздықтың мұңын кешіп, жүрегімнің ауырғаны жаныма батып, кеше ғана жанымда жүрген өмірлік серігім бүгін ортамызда болмағаны өте қатты қажытып жатыр. Әлі сене алар емеспін, бір түс секілді. Иә, бұл Алланың ісі. Алланың дегеніне көнеміз. Мұндай жағдайды ешкімнің басына салмасын. Сіздердің қолдауларыңызды естідім, көрдім. Жалған өмірдің жарығы ендігі уақытта жақсылықпен жансын деген ниеттемін», — деп жазды Наркенже Серікбаева.

Айта кетейік, Наркенже Серікбаева биыл кенже қызының бір жасын тойлап, тұсаукесер жасаған болатын.

Loading...