Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты (видео)

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты.

stan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жол апаты 9 қазан күні сағат 15.00 шамасында Қарағанды облысы, Осакаров ауданынан 50 шақырым қашықтықта "Қарағанды-Астана" тас жолында болған.

Полицияның мәліметінше, Қарағанды-Астана бағытанда кетіп бара жатқан Ford Ranger автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай алдымен жол жөндеп жатқан жұмысшыны қағып, содан кейін жол шетінде тұрған КАМАЗ жүк көлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жұмысшы, Ford Ranger автокөлігінің жүргізушісі және көліктің ішінде болған үш жолаушы оқиға орынында қаза тапты. 

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деді Қарағанды облысының ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

 

Loading...