"Халыққа жүк түседі": Экономист Мақсат Халық қосылған құн салығын көтерудің экономикаға әсері қандай екенін айтты

Экономист Мақсат Халық Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында қосылған құн салығының экономикаға әсері туралы айтты.

стан кз

Экономист Мақсат Халық Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында қосылған құн салығының экономикаға әсері туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстанда қосымша құн салығын 12%-дан 16%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр. Мақсат Халықтың айтуынша, бұл экономикаға кері әсер етіп, халықтың қалтасына қосымша жүк түсіреді.

“Қосылған құн салығы компанияға салынғанымен, оны айналып келгенде халық төлейді. Одан да мемлекеттік шығындарды оптимизациялауға көңіл бөліну керек. Яғни бөлінген ақшалардың қайсысы тиімсіз екенін зерттеп, шығынды бақылау қажет. Мысалы Самұрық-Қазына, мемлекеттік сатып алуларда шығын көп”, – деді экономист.

Ол көлеңкелі экономика азаюда деген статистикамен келіспейді. Айтуынша. сыбайлас жемқорлық, көлеңкелі экономика бойынша әлі де 100-елдердің қатарындамыз.

Маман мемлекет экономиканың нақты секторларын дамытуға көңіл бөлінген жөн екенін атап өтті.

Бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин елде қосылған құн салығы 16%-5ға дейін көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.

 

Loading...