Денсаулық – ең басты құндылық

Ашық тәрбиелік іс - шара «Денсаулық – ең басты құндылық» атты тақырыпта өтті.

Ашық дереккөзден

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ және орыс тілдерін оқып жүрген шетелдік студенттер үшін арнайы ашық тәрбиелік іс - шара ұйымдастырылды. Ашық тәрбиелік іс - шара «Денсаулық – ең басты құндылық» атты тақырыпта өтті.

Іс - шараға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен Қытай, Түркия, Корея, Жапония және басқа да елдерден оқу үшін Қазақстанға келген шетелдік студенттер қатысты.

Іс - шара барысында сөз алған шетелдік студенттер өз өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, тілі мен мәдениетіне қарамастан, табиғатты адам тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды, салауатты өмір салтын ұстануды сөз ете отырып, барлық ұлттарды толғандыратын, барлық азаматтардың денсаулықтары мен рухани саулықтары ойландыратын, қазіргі кездегі жиі қолданылатын темекі, наркотик қоспалары, оның зияндылығы туралы ойларын ортаға салып, дүниежүзілік қоғам мәселесіне айналып отырғанын да атап өтті.
Кафедраның оқытушылары баяндамалар жасай отырып, салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жататыны, кешкі тамақтан соң, таза ауада бір - екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор екенін, ұйқы 7 - 8 сағаттан кем болмауы тиіс екенін, әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн екенін, барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс екенін мәлімдеді. Сонымен бірге, адам денсаулығына зиянын тигізетін темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну секілді жат әдеттерден аулақ болуды түсіндірді. Арақтың орнына қымыз бен қымыран ішіп, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүріп, есірткіні пайдаланбау туралы айтты. Сондай - ақ, табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу керектігін, адамдар бір - бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болып, әрқашан жаман ойдан аулақ болу жөнінде сөз қозғап, осы мәселелер туралы бейне түсірілім көрсетті. Студенттер көтерілген мәселелер жөнінде көптеген сұрақтар қойды.

«Денсаулық – ең басты құндылық» - атты ашық тәрбиелік іс - шара мәдениетаралық коммуникация студенттерді салауатты өмір салтын сақтауға үгіттеуге өз үлесін қосты деп санауға болады.

А. Е. Саденова,
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы

Loading...