Софья Берульцева Азия ойындарының чемпионы атанды

Ал ерлер арасында каратэнің кумите бағдарламасында сынға түскен Данияр Юлдашев күміс жүлде алды

t.me/abaiaqparatkz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каратэден 68 келіден жоғары салмақта топ жарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол финалда непалдық Арика Гурунгті 3:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Сөйтіп, Қазақстан қоржынына оныншы алтынды салды.

Отандасымыз ХІХ жазғы ойындарды ширек финалдан бастап, Жуд Олдрусты (Иордания) сенімді жеңген. Сосын жартылай финалда Филиппин спортшысы Изабель Арианна Бритодан басым түсті.

Айта кетейік, Софья Берульцева қазақ тілінде еркін сөйлейді. Ол кішкентайынан қазақ балабақшасына барып, кейін мемлекеттік тілді үйрену үшін репетитор да жалдаған. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Ал ерлер арасында каратэнің кумите бағдарламасында сынға түскен Данияр Юлдашев күміс жүлде алды. Отандасымыз 84 келіге дейінгі салмақта финалда есе жіберді.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Loading...