Yandex.Go жұмысына шектеу қоймақ

Өзбекстанда 1 желтоқсаннан кейін ресейлік Yandex.Go қызметі бұғатталмақ.

babyblog.ru

Оған дейін компания бірқатар талаптарды орындауы тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Осы жылдың қыркүйегінде Ridetech International B.V.-ге (Yandex.Go) өз қызметін заңнамалық құжаттарға сәйкес екі ай ішінде ұйымдастыру талаптары қойылды", - деп атап өтті елдің Салық комитетінен.

Бұл талаптардың ішінде:

Қызметті жүзеге асыру және белгіленген салықтарды төлеу үшін Өзбекстанның салық резиденті ретінде тіркелу

Салық органдарының ақпараттық жүйесімен интеграцияны және клиенттерді автоматты түрде қалыптастыратын фискалдық түбіртекпен қамтамасыз ету шаралары бар.

"Егер жоғарыда аталған талаптар орындалмаса, 2023 жылдың 1 желтоқсанына дейін Салық комитеті Цифрлық технологиялар министрлігіне Өзбекстанда агрегатор ретінде Яндекс.Go электронды платформасын пайдалануды бұғаттау туралы ресми сұраныс жібереді", - деді Салық комитеті.

Loading...