"Абай Құнанбаев өмірде болмаған": филологтың дәлелдері қандай?

Абайдың атынан шығармаларды Бөкейханов жазған ба?

Ашық дереккөзден

"Абай Құнанбаев өмірде болмаған, қолдан жасалған тарихи тұлға" деп мәлімдеді филолог әрі жазушы Зәуре Батаева. Бұл туралы  OnNews.kz жазды.

Тик-ток желісінде таралған бұл бейнежазбада жазушы Зәуре Батаеваның айтқан өзіндік дәлелдері бар екен.

Айтуынша Абай - Әлихан Бөкейхановтың жобасы. Ал Абайдың атынан жазылған шығармаларды Бөкейханов жазған көрінеді. Себебі, екі тұлғаның шығармалары стилистика мен идеялар тұрғысында егіздер. Ал, "Абай" есімі Бөкейхановтың шығармашылық лақап аты болуы әбден мүмкін. Бөкейханов - орысшыл, Абай да дәл сондай.

 

Loading...