"Қалам сұраған". Ақмола облысында оқушының басын тақтаға ұрып жіберген мұғалім жұмыстан босатылды

Әлеуметтік желіде мұғалімнің оқушыны ұрып жатқаны бейнеленген видео тарады.

Бейнежазбадан үзінді

Әлеуметтік желіде мұғалімнің оқушыны ұрып жатқаны бейнеленген видео тарады. Ақмола облысы білім басқармасы өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео авторының айтуынша, мұндай жағдай Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы мектепте болған. Ал мұғалім оқушыны бұрылып қалам сұрағаны үшін ұрған. 

"5 қазанда Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы мектепте болған оқиға дерегі бойынша мектептің тарих пәні мұғалімінің іс-әрекеті педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Мектеп директорына тәрбие функцияларын орындайтын қызметкердің әдепсіз теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босату ұсынылды. Тарих пәнінің мұғалімі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі негізінде жұмыстан босатылды. Мектеп директоры мектеп мұғалімінің педагогикалық этика нормаларын сақталуын дұрыс бақыламағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп жауап берді Ақмола облысы білім басқармасы өкілдері Massaget.kz тілшісінің сауалына. 

Басқарма мәліметінше, 5 қазандағы №119-Б бұйрығымен тарих пәнінің мұғалімі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабының 1-тармағының 14) тармақшасының негізінде жұмыстан босатылды. 

 

Loading...