Ақтөбеде зейнеткер мәйітті жерлеуге апара жатып өзі қаза тапты

Ақтөбе облысында 75 жастағы зейнеткер ауылдасының мәйітін зиратқа апара жатқан жолда апатқа ұшырап қаза тапты. Ол ешкімге жол бермей жүк көлігіне соқтығысқан.

Сурет сюжет кадрларынан алынған

 Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап х

Мәліметтерге сай, оқиға Қаратоғай ауылының маңындағы Мәртөк өңірінде болған.

Көп тонналық көлік Газельдің жүргізуші жағына соқтығысқан. Ауылдасының мәйітін жерлеу үшін апара жатқан жүргізуші ақыры оқиға орнында өзі де қаза тапты. Мәйітпен бірге тағы бес адам болған. Олардың барлығы ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша, адам өліміне әкелген жол апатына "Газель" көлігін тізгіндеген зейнеткер себеп болған.

"Газель" автокөлігінің 75 жастағы жүргізушісі қосалқы жолдан шығып бара жатып, үлкен жолдың бойымен келе жатқан көлікке жол бермей, Беларусь Республикасының азаматы басқарған Scania автотасымалдаушысымен соқтығысқан”, – деді Ақтөбе облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Артур Әбдірешев.

абарлайды. 

Loading...