Аң сияқты дыбыс шығарған жалаңаш бойжеткен Павлодар көшесінде адамдарға шабуыл жасады

Шабуыл жасаған жалаңаш бойжеткен тоқтамастан жануар сияқты ұлыған дейді.

ашық дереккөзден

Павлодарда жалаңаш қыз 6 жасар балаға шабуылдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, әлеуметтік желіде қала тұрғындарының бірі Затон шағын ауданында болған оқиғаға қатысты ақпарат жариялаған.

Кеше, 27 тамызда психотропты заттың әсерімен жалаңаш қыз менің алты жасар баламның артынан жүгіріп, шабуылдады. Енем баланы алып үлгерген, бірақ ол тоқтамастан жануар сияқты ұлыған. Ата-аналар, сақ болыңыздар, – делінген жазбада.

Әйел адам баланың есеңгіреп қалғанын, сол сәтті түсіріп алған жандар болса, видеосын жіберуді сұрайды. 

Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

Әйел адамның жеке тұлғасы анықталды. Аталған фактіге қатысты облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 449-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Loading...