Жаңаөзенде ер адам өлі табылды

Желіде Жаңаөзенде өлі табылған ер адамның видеосы тарады

t.me/kriminal_kazakhstan

Желіде Жаңаөзенде өлі табылған ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қазанда сағат 01:30 шамасында 102 кезекші пультіне Жаңаөзеннің өнеркәсіптік аймағында жол бойында дене жарақаттары бар мәйіт жатыр деген шақырту түскен.

"Шақыртуға жедел-тергеу тобы барды. "Ваз 21150" автокөлігінің жүргізушісі 49 жастағы азаматты қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жаңаөзендік полицейлермен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы ер адам ұсталды. Көлік айыптұраққа қамалды", - деп хабарлады ведомство.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті іс-әрекетін мойындады.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша Жаңаөзен полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Loading...