"ЕЛШІЛІКТЕН ШЫҒА САЛА, ЕСІЛГЕ АҒЫП ӨЛУІ КЕРЕК ЕДІ…"

“НЕГЕ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙСІҢ?”- АҚШ елшілігі Ресей тілінде сөйлеген қазаққа виза бермеді

qazaquni.kz

“НЕГЕ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙСІҢ?”- АҚШ елшілігі Ресей тілінде сөйлеген қазаққа виза бермеді

ЖАРАЙСЫҢДАР, АҚШ елшілігі! 

АҚШ елшілігіне виза сұрап барған қазақтың Ресей тілінде сөйлегеніне қарап: “НЕГЕ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙСІҢ?”-деп, виза беруге қарсы болған ғой американдықтар?!. Бұл туралы журналист Оңғар Қабден өз парақшасына жазды.

ЖАРАЙСЫҢДАР, АҚШ елшілігі! Бізді қазақ қылатын біздің билік емес, әділетсіздікке қарсы ұлтшылдарымыз бен осындай заңсыздыққа жаны қас озық ойлы шетелдіктер шығар?!.

Сонда шетел азаматы, әлемдегі демократияның отаны саналатын АҚШ елшілігінің консулы, жауапты қызметкері, диломат маман біздің қазаққа қазақ тілінде осылай : ““НЕГЕ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙСІҢ?”-дегенде, тамшыдай қазақтың қаны мен ары, намысы қалса, ол елшіліктен шыға сала Есілдің суына ағып өлуі керек еді ғой?!.

Осындайда өткенде ғана парақшама салған Дағыстанның дарабоз ақыны Расұл Ғамзатовтың кітабындағы жас кезінде шетелге кетіп қалған баласы ана тілін ұмытқанын естігенде авардың ұлы анасының: “Ол менің ұлым емес, менің ұлым өлген!”-дегені еске түседі. 

Сонда АҚШ елшілігіне барғанда ғана сормаңдайына соққы тиген біздің өз ана тіліне миы жетпейтін сауатсыз топас қазақтың Тәуелсіздік алғанына 32 жыл болса да, құлдықтан арылмаған санасына бірдеңе барды ма екен?!.

Әй, қайдам!?.

Мемлекеттік тілді міндеттейтін заң қабылдамай, көрген күніміз осы?!.

Қазыбек ИСА, 
Фейсбук парақшасынан

Loading...