Алматы облысында намаз кезінде 3 жасар баланы ұрып жіберген имам жауапкершілікке тартылмады

Алматы облысы Шелек ауылындағы мешіттердің бірінде имам намаз оқып жатып бөлмеде жүгіріп жүрген баланы бір ұрған еді. Оқиғаға байланысты полицейлер жауап берді.

Сурет желідегі видео кадрларынан алынған

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция оқиға кезінде баланың әкесінің болғанын, ол арыз жазудан бас тартқанын және бір-біріне ешқандай талаптары жоқ екенін атап өтті.

"Тексеру барысында анықталғандай, бейнероликте көрсетілген бұл оқиға 2023 жылдың 27 маусымында Шелек ауылында орналасқан мешітте болған. Намаз кезінде 1978 жылы туған азамат Е. 3 жасар баланы сол қолымен ұрып жіберген", – деді Бауыржан Әленов.

Өз кезегінде бұл оқиға Алматы облысы мұсылмандары діни басқармасында қаралып, имам өз әрекеті үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Қазіргі уақытта полиция жан-жақты, толық және объективті шешім қабылдау үшін барлық қажетті тексерулерді жүргізіп жатыр. Баланың ата-анасының, ауыл тұрғындарының және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің қатысуымен азамат Е.-мен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Имам кешірім сұрады", - деп қосты полковник Әленов.

Loading...