2023 жылы резидентурада оқуға берілетін гранттар саны 70%-ға өсті

Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артатынын айтқан болатын.

ortcom.kz

Осылайша, 2023 жылы гранттар саны 70%-ға – 1500-ден 2500-ге дейін өсті.

Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде негізгілері: акушерлік және гинекология – 214; анестезиология және реаниматология – 200; неонатология – 119; терапия – 115; жалпы хирургия – 98; неврология – 92; психиатрия – 88; оториноларингология – 83; кардиология – 78; офтальмология – 66; жұқпалы аурулар – 63; травматология-ортопедия – 62; эндокринология – 55; қалғандары – 1167.

Loading...