Қарқаралыда орманға саңырауқұлақ теруге кеткен әйел өлі табылды

Саңырауқұлақ теруге орманға барып, хабар-ошарсыз кеткен Қарқаралы тұрғыны өлі табылды

instagram/vk_gazeta

Саңырауқұлақ теруге орманға барып, хабар-ошарсыз кеткен Қарқаралы тұрғыны өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Вечерняя Караганды"-ға сілтеме жасап.

72 жастағы зейнеткер 20 қыркүйек күні орманға саңырауқұлақ теруге барып, жоғалып кеткен. Осы уақыт бойы оны құтқарушылар, полиция қызметкерлері, орманшылар мен әйелдің туыстары іздеді.

24 қыркүйек күні таңертең зейнеткердің жансыз денесі Берлога демалыс үйінен 8 шақырым жерден табылды.

 

Loading...