Ертуған Зейнуллинов Иордания боксшысын ойсыратты

Қытайдағы Азия ойындарында 63,5 келі салмақта Ертуған Зейнуллинов алғашқы болып өнер көрсетіп, жеңіске жетті

egemen.kz

Қытайдағы Азия ойындарында 63,5 келі салмақта Ертуған Зейнуллинов алғашқы болып өнер көрсетіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы 1/16 финалда 63,5 келіге дейінгі салмақта Қазақстан боксшысы Ертуған Зейнуллинов Иордания өкілі Обада Алкасбехпен кездесіп, оны бірауыздан ұтты.

Осылайша Зейнуллинов 1/8 финалға шықты. Келесі жекпе-жегінде оған тәжік боксшысы Баходур Усмонов қарсы шығады.

Loading...