Қазақстанда мұғалімдер күні қашан және қалай атап өтілетіні бекітілді

Мұғалімдер күні қарсаңында елімізде "Үздік педагог" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады.

otyrar.kz

Республикалық байқау 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Сол уақыттан бері 620 ұстаз "Үздік педагог" атанған. Оларға 1000 АЕК (3 450 000 теңге) мөлшерінде сыйақы төленді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

Бұдан бөлек ұстаздарға "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы беріледі. Бұл марапатқа ие болғандар айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады.

Сондай-ақ оқу-ағарту министрлігі білім саласында 30 және одан көп жыл еңбек еткен мұғалімдерді "Еңбек ардагері" медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады.

Мемлекет басшысы да жыл сайын ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтайды. Президент мұғалімдерге мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалатынын әрдайым атап өтеді.

Бұл күні шәкірттер ұстаздарына жылы тілегін айтып, гүл сыйлап, мектептерде мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Loading...