"Парақорлықты жоюға болмайды". Желіде жемқорлық мәселесін көтерген "шенеуніктің" видеосы тарады

Желіде парақорлықты жоюға болмайтынын айтқан "шенеуніктің" видеосы тарады

Бейнежазбадан үзінді

Желіде парақорлықты жоюға болмайтынын айтқан "шенеуніктің" видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Пара туралы видео Желіде 114 мың қаралым, 5 мыңнан аса лайк пен мыңға жуық пікір жинаған. 

Видеода ер адам жиналыста отырып, парақорлықты толығымен жоюға болмайтынын айтады. 

"Мен сізбен келіспеймін. Жемқорлықты елімізді толығымен жоюға болмайды. Мойындау керек, жемқорлық - елімізде әзірге керек нәрсе. Парақорлықты толық алыптастайтын болсақ, аббитуренттер оқуға түсе алмайды. Түскенімен сессиясын тапсыра алмайды, сессияны тапсырғандар жұмысқа кіре алмайды. Жұмысқа кіргендер жоғары шен ала алмайды. Парақорлықтың керек жері бар. Еліміздің әр азаматы "парасыз өмір сүре алам ба?" деп сұрақ қойсын. Өмірінде пара берген бе, жоқ па? Халық дайын емес деп ойлаймын", - дейді ол видеода. 

Оның айтуынша, адамдар полиция тоқтатса, ауырып қалса, балабақшаға да таныс іздейді.

Бұл видео 378 мың оқырманы бар ptk.kz TikTok-парақшасында жарияланған. Ал бұл парақшада әзіл видеолар жарияланады. Демек, "шенеуніктің" пара туралы видеосы әзіл ретінде түсірілген. 

Желі қолданушылардың бір бөлігі мұның әзіл екенін бірден түсінсе, екінші бөлігі "шенеуніктің" сөзін шын деп қабылдаған. 

"Түсінген адамға бүкіл минусты айтып тұр ғой", "Не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің", "Осыған дауыс бергендер ұялып отыр", "Сеніп қалдым ғой", "Пара өзіне керек болып тұр ғой", "Қап, ұят болды-ау, кім мынау? Танымайды екенмін. Ой өрсі жеңіл-желпі екен. Тура осындай ойлы азаматтарымыз барда ұзаққа бармаймыз", - деп жазған олар. 

 

Loading...