Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

28 жастағы қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін 40 жастағы америкалық Стивен Томпсонға қарсы өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

stan.kz

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі қарсыластар желтоқсанның 16-сы күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін UFC 296 турнирінде кездеседі.

"Маған UFC-ден ұсыныс түсті, мен келістім. Рахмонов, биылғы жылды әдемі аяқтайық! 16 желтоқсанды асыға күтемін", - деп жазды Томпсон Twitter парақшасында.

“Дәл солай жасайық", - деп жауап берді Рахмонов.

Стивен Томпсон – UFC ардагері. Ол қазір  жартылай орта салмақтағы рейтингте жетінші орында тұр. Томпсон UFC-де 24 жекпе-жек өткізіп, 17 жеңіске жетіп, алты рет жеңіліске ұшырап, бір жекпе-жек тең аяқтаған. Соңғы жекпе-жегі 2022 жылдың 3 желтоқсанында отандасы Кевин Холландқа қарсы өтті.  Томпсон техникалық нокаутпен жеңді.

Ал Рахмонов кәсіби мансабы – ММА-да 17 жеңіске жетті, оның бесеуі UFC промоушенінің аясында өтті. 2023 жылдың наурызында  америкалық Джефф Нилді айқын басымдылықпен жеңді.

Loading...