Асхат Тағыберген Данияға қарсы ойында соққан голы үшін Пушкаш жүлдесін алуы мүмкін

Қазақстан футбол құрамасының капитаны ФИФА жүлдесіне үміткер атанды

Асхат Тағыберген. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Данияға қарсы ойында соққан голы үшін Пушкаш жүлдесін алуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ халықаралық футбол федерацияциясының (ФИФА) ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ФИФА өзінің ресми сайтында үздік голдар тізімін жариялады.

Олардың қатарында Асхат Тағыбергеннің Евро-2024 іріктеу кезеңіндегі Данияға қарсы матчта салған голы да бар. Аталмыш голдың арқасында қазақстандықтар есепті теңестіріп, соңында 3:2 есеппен жеңіске жеткен еді.

ФИФА сайтында үздік голға дауыс беру басталды.

Айта кетейік, Асхат Тағыбергенннен бөлек, Пушкаш жүлдесіне тағы 10 футболшы үміткер.

Loading...