Сүгірдің немересі жыраудың "жынысын ауыстырып жіберген" қызды сотқа бермекші

"Сүгірдей әпкем келді деп" деп орындаған

Бейнежазбадан үзінді

"Қазақстан дауысы" жобасының көрмей тыңдау кезеңінде Сүгірдің термесін гитарамен орындаған 23 жастағы шымкенттік Қыздархан Еркінқызы көпшіліктің сынына қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Facebook-те Сәрсен Қадыр есімді қолданушы бұл орындауды сынап, мұны "мәңгүрттіктің ең ушыққан түрі" жазған.

Ескі әндерді заманауи бағытта салып орындап жүрмін деген 23 жастағы әнші термедегі "Інілерім де бар еді, Сүгірдей ағам келді деп. Ат шаптырып айқайлап, Хабар да салған еліме" деген жерін "Сүгірдей әпкем келді деп" деп орындаған. Дәл осы тұсы жазба авторының ашуына тиген.

"Қайран, Сүкем "Қыздарым да менің бар еді-ау, Жыршы да атам келді деп, Шәй құйыпта беріп-атамның. Батихасын-ай, алам деп" деп, жырлап еді-ау... Есіл, Сүкем, сен бізді кешір.. Осы, ұрпағыңның түрі.. Ия..не көрмей жатсың.. Ана бір жылдары сөзіңді бұрмалап, әуеніңді иеленіп бір қыйтұрқы шықты.. --Атамызды қорлатпаймыз--итті шалдардың алдына, аяқ-қолын сыммен матап,алып келеміз--деген, тентектер де болды.. Өзі түсінер, кешірім сұрар деп, балдарға басу айттық.. Ол, бірақ әлі кешірім сұраған жоқ . Тентектер де,тісі қайраулы жүр... Оның үстіне мынау шықты.. Енді болмас.. Бұл әнші қыздың ата-анасы қайда??", - деп жазған ол.

Ол сонымен бірге Сүгірді келекеге айналдырған телеарнаны да, бағдарламаны ұйымдастырушыны да, продюсер мен әншіні де сотқа беру керегін жазған.

"Оны керемет орындау деп, от жағып, су бүркіп отырғандар. Сендер осындай сайқымазақтыққа тағы да жол сілтеп отырсыңдар.. Ұлттық танымға, өнерге..әулие шалдардың сөзіне қыянат жасау тоқтатылсын... Жас бала ғой, қыз бала ғой-деп, араша түсушілер болса..айтарым. Үлкен сахнаға шығып, жұлдыз болуға, танымал болуға ақылы жетіп тұрған адам, ол, жас емес, ол, бала емес", - деп жазды Сәрсен Қадыр.

Бұл жазбаға Сүгірдің туған немересімін деген Әліпбай Сүгіров пікір жазған.

"Мен Сүгірдің туған немересімін. Бұлар қоймады-ау, бұрын бір бәлекет шығып еді, кәкемнің мақамын басқа сөзге салып. Оған кешіріммен қарап едік. Ал енді тағы біреу шықты. Авторлық құқығымыз қолымызда, енді кешірім жоқ. Продюсерімен қосып сотқа береміз. Аяушылық болмайды" деп жазған.

Өзге де қолданушылар бұл орындауды сынап, "сотқа беру керек" деп жазып жатыр.

 

Loading...