"Күйеу балам қызым мен немерелерімді өлтіру үшін мені аңдып жүр" - Алматылық зейнеткер

Әжей: Көшіп кетеміз, тауып алады. Мені қосып сабап кетеді

kyn.kz

Алматы қаласының тұрғыны, зейнеткер Күлданар Кенетайева  бұрыңғы күйеу баласының  5 немересі мен қызын өлтіруге бекініп, аңдып жүргенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі “Қыздар-ай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Осыған дейін екі рет сотталған азамат ажырасқан әйеліне тыныштық бермейді екен. 2022 жылдың тамызында ажырасса да  қазірге дейін ұрады. Бірде зейнеткер  енесін ұрып көзін көгерткен. Сонда да Күлданар  Кенетаева ол оқиғаға қатысты қызы Әсияның айтуымен полицияға арыз жазбаған.  Бұрыңғы әйелі Әсияны да талай рет ұрған. Әсия 15 жыл бойы бірге тұрған жары бір күні ішімдік ішкенін қояды-ау деген үмітпен өмір сүрген . Бірақ, шыдамы жетпеген соң 1 жыл бұрын, 2022 жылдың тамыз айында  ажырасқан.  

Ол ажырасу арқылы бұрыңғы күйеуінен құтыла алмапты. Әлі күнге дейін үйін торуылдап жүреді екен. Үнемі таяқ жеп, әбден қорқып қалған Әсия әр таңын үреймен атыратынын жасырмады. Балаларының болашағы үшін қатты алаңдайды екен. Өзін қанша жыл ұрса да шыдаған әйел, анасы мен балаларын ұруды бастаған кезде  ажырасуға бекінген екен. 15 жылдық отбасылық өмірінде бір рет болсын бақытты болмағанын айтты.

"Қызымның бес баласы бар. Тұрмысы нашар болып қалды. Күйеуі тура  болмады. Қызым байынан таяқ жеді. Мас болып үйге келіп мені де, баласын да ұрды. Үлкен 14 жастағы баласын ұрған кезде араша түспек болған мені де ұрды. Қызым ол кезде жұмыста еді. Білгенде ешкімге айтпауымды қалады.  Күйеу балам үнемі арақ ішеді, алимент төлемейді, жұмыс істемейді. "Арақты сен жаман әйел болған соң  ішемін" дейді қызыма. Көшіп кетсек тауып келіп тұр",-дейді бұрыңғы күйеу баласынан қорлық көрген Күлданар Кенетайева. 

Айта кетейік, Әсия мен оның бұрыңғы күйеуінің ортақ бес баласы бар. Балалар қазіргі таңда ішімдікке тойып алып жүретін әкесінен шаршағанын айтуда. Маза бермейді дейді.

14 жастағы ұлы Әмірхан әкесінен заңды түрде әкелік құқұғынан айырғанын қалайды. Осыған дейін жасаған әрекеттері, анасына деген қарым-қатынасына байланысты "әке" деген айтқа лайықты емес дейді ол. Анасының балалары үшін барын салып, жүгіріп жүргенін ашып айтты. Әкесі мен анасының   өзін бірдей жақсы көреді деп айта алмайтынын,  бар жауапкершілік анасында екенін айтты. Әкесін тек заңға сай өз құқығынан айыруды сұрауда.

Loading...