Қырғызстандық азамат ажырасқан әйелінің құлақтары мен мұрнын кесіп тастаған

Бұдан бөлек қатыгез ер адам әйелдің бетінің бәрін тілгілеп тастаған

24kg

Қырғызстандағы Шу облысына қарасты Селекционный ауылының 39 жастағы тұрғыны өзінен бөлек кеткен 36 жастағы әйелінің мұрны мен қос құлағын кесіп тастаған. Бұдан бөлек жәбірленуші әйелдің беті түгел тілінген, деп жазды KYN.KZ  тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Оқиға  20 қыркүйек күні болған. Әйел мен оның жақындары дереу полиция шақырған. Қазір қырғыз полициясы  "адам денсаулығына аса ауыр жарақатты әдейі салу" бойынша істі тергеп, тексеріп жатыр. Сот отырысы әлі болмаған. Ал әйелге қастандық жасаған бұрынғы күйеуі тергеу абақтысына қамалды. ол бір жыл бұрын әйелді ұрып, зорлағаны үшін жауапқа тартылған екен.

Жарақат алған Әселдің сіңлісі журнелистер мен желі қолданушыларына болған жағдайдан кейінгі әрекеттері мен әпкесінің жағдайы жайлы ақпарат берген.

"Әселдің бүкіл беті ораулы, таңылған. Тек мұрыны мен ауызы ғана ашық. Бүгін ғана "балаларым" деп сөйледі. Енді оған Түркияда тағы бірнеше ота жасалады. Қазірге  дәрігерлер оның құлағы мен мұрнының жартысын жалғап қойды. жақын күндері есеп шотын ашып, халықтан көмек сұраймыз. Басқа амал жоқ",-дейді келіншек.

Туысқан сіңлісі Әселдің  тек анасы мен жалғыз інісі барын айтқан.

Loading...