Оралда ішімдікке тойып алған екі жігіт көшеде жыныстық қатынасқа түскен

Орал полициясы ішімдікке салынған бір жігіттің тұлғасын анықтап, ұстады.

kyn.kz

Оралда ішімдікке тойып алған екі жігіт көшеде жыныстық қатынасқа түскен. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Оқиға 6 емхананың артында орын алған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Полиция қызметкерлері қоғамдық орында ішімдікке тойып, ойына келгенін істеген екі адамның бірін ұстады. Оқиғаға байланысты іс қозғалды.

БҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, учаскелік полиция инспекторлары заң бұзушылардың бірін Зачаганск полиция бөлімі анықтады. ҚР ӘҚБтК-нің 434 (Ұсақ бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды. Осы баптың 1-бөлігі бойынша оған қатысты әкімшілік материал жиналды.

Сот құқық бұзушыны 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды

Loading...