"Ринатты қолдаңыздар, еш қарсылығым жоқ": Балғынбек Имаш Ринатпен телефон арықылы сөйлескенін айтты

"Біз бөлінбейміз, біздің пікіріміз әр түрлі деп сіздер де бөлінбеңіздер!"

Инстаграм: balgynbek_imash, коллаж: OnNews.kz

"Біз бөлінбейміз, біздің пікіріміз әр түрлі деп сіздер де бөлінбеңіздер! Бөріге жем болмайық": Айтыскер ақын Балғынбек Имаш инстагарм парақшасына салған сторисінде халықты бөлінбеуге, бірлікке шақырды деп хабарлайды OnNews.kz тілшісі.

Сонымен бірге ақын өз сторисінде Ринатты қолдаңыздар, оған еш қарсылығым жоқ. Тек оның бір-екі пікіріне ғана қарсы болғанын айтты

"Біз айтыстарда айтысқан кезде бір отбасының өзі екіге жарылып, күйеуі бірімізді қолдаса әйелі бірімізді қолдап, көрермен қақ жарылып жататын. Кешелі бері Ринатқа байланысты әңгімемізге де халық қақ жарылып жатыр. Көп азаматтар ымыраға шақырып жатыр. Түсінбей жатыр. Бірақ біз Ринат екеміз сол күні-ақ телефонмен байланысқа шығып, өзара ымыраға келгенбіз. Сондықтанда оған уайымдамаңыздар. Ел бір болсын. Намазхан болсын басқа болсын қазақпыз. Енді ел іші ажырап, ыдырап кетпесе екен деп алаңдаушылықпен салып отырмыз. Ринатты қолдаңыздар, еш қарсылығым жоқ. Соңғы бір-екі пікіріне қарсы болғам, оған кез-келген адамның құқығы бар",- деді Балғынбек Имаш

Сондай-ақ белгілі заңгер Айгүл Орынбекке де жауап беретінін айтты

"Айгүл Ррынбек қарындасым, Аманатқа байланысты пост салған екен оғанда алла бұйырса жауап беремін", - деп қоса кетті

 

Loading...