Төреғали Төрәлі тағы сотталатын болды

Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында әнші Төреғали Төрәлінің ісі қайта қаралып жатыр

inbusiness.kz

Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында әнші Төреғали Төрәлінің ісі қайта қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында Т. Әлихановқа қатысты (Төреғали Төреәлі) ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы, 1-бөлігі, яғни қызметтік міндетін атқарушы билік өкілін қорлау бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр, - делінген сот хабарламасында.

Төреғали Төрәлі бүгінгі таңда әлеуметтік желіде белсенді. Әнші Instagram-дағы stories-те киіз үйде отырған сәтінің видеосын жүктеген. Видео сыртында: "Сіз маған сенің енді ешқандай мүмкіндігің жоқ, сенде Құдайға жолдаған дұға-тілектеріңнен басқа түгің де жоқ дегенсің. Мәжін, ал маған одан басқа түктің де керегі жоқ" деген Мұхаммед Әлидің сұқбатынан үзіндінің дауысы естіледі.

Loading...