Алматыда әнші Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты сот отырысы өтті

Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында атышулы әнші Төреғали Төреәлінің ісі қайта қаралып жатыр.

stan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы соттарының Facebook-тағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

“Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында Т. Әлихановқа қатысты (Төреғали Төреәлі) ҚК 378-бабы 1-бөлігі бойынша (Билік өкілін өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау) қылмыстық іс қаралып жатыр”, – делінген жазбада.

Төреғали Төреәлі қазіргі уақытта еркіндікте. Оған тағайындалған бұлтартпау шарасына сәйкес әнші әрбір сот отырысына уақытша ұстау изоляторынан емес, үйінен келеді. 

Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Бірақ әншінің адвокаты оны ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Кейін бұл жағдайға өнердегі әріптестері пікір білдірген еді. Даулы оқиғадан кейін Төреғали Төреәлі 18 шілде күні бостандыққа шықты.

 

Loading...