Тони Фергюсон келесі қарсыласы Шавкат Рахмонов болатынын жариялады

UFC ардагері Тони Фергюсон келесі қарсыласын "жариялады"

ufc.com

UFC ардагері Тони Фергюсон келесі қарсыласын "жариялады": қазақстандық Шавкат Рахмонов бұл жаңалыққа дереу жауап берді, деп хабарлайды Tengri Sport

39 жастағы Аралас жекпе-жектің жауынгері Тони Фергюсон Шавкат Рахмановпен жекпе-жекке арналған плакат жариялады. Ал 28 жастағы Шавкат АҚШ-тағы қарсыласына күлді.

"Сонымен... Мен осы аптада жекпе-жекке шығамын! Мен салмақ түсіремін деп үміттенемін",-деп жазды Фергюсон өзінің Instagram аккаунтында.

Кейін американдық оның мәлімдемесі тек әзіл екенін айтты.

"Жай әзіл, бұл жігіт кім?"- деп қосты ол.

Instagram-да тікелей эфирде Рахмонов бұрынғы UFC уақытша чемпионына жауап берді.

"Оның келесі қарсыласы кім екенін білмеймін, жігіттер. Тони (Фергюсон) болсын, мен онымен бірге шығуға дайынмын деп күлді. Содан кейін Мен көптен бері төбелескен жоқпын", - деп айта кетті Шавкат

Loading...