Тараздағы мектепте жарылыс болды

Оны жергілікті билік жасырып қалғысы келгенге ұқсайды

astanatv.kz

Тараздағы мектепте жарылыс болып, үш адам 3-қабаттан секіріп кеткен. Жеті адам ауруханаға жеткізілді, оның екеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

Оны жергілікті билік жасырып қалғысы келгенге ұқсайды. Қазір өрттің неден тұтанғаны анықталуда. Берік Жұмабай оқиға орнына барды.

Жергілікті билік жасырып қалмақ болған бұл жарылыс демалыс күні, яғни 17 қыркүйекте түңгі сағат 12 жарымнан өте болған. Биліктің бүккен бармағын ауруханада жатқан науқастардың ата-аналары ашты. Себебі, өрт болған күні аймақтың атқа мінерлерінің барлығы барыпты. Жарақат алғандарға жақын арада аяққа тұрғызуға көмегімізді аямаймыз деп уәде беріпті. Бірақ одан кейін хабарласпаған.

Тараз қаласында жеті мектеп жаңа оқу жылында бітпей қалған еді. Құрылысы кешіккен мектептердің бірі осы. Мердігер жөндеуді тез бітіруі үшін екі ауысымда жұмыс істеткен. Бұл мектептің 1021 оқушысы маңайдағы 3 мектепке бөлініп оқуда. Ал білім ордасында болған жарылыстан барлығы 7 адам зардап шеккен. Оның үшеуі жеңіл жарақат алса, тағы 2-ін күйік шалған. Ал үшінші қабаттан секіріп кеткен екі құрылысшы қыз жансақтау бөлімінде жатыр.

Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Тек жарылыстың бояу құтысынан шыққан деген болжам бар.

Loading...