"Үмітімізді үзген едік". 45 жастағы Алтынай Жорабаева жүкті екенін айтты

Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде жүкті екенін жариялады

әлеуметтік желі

Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде жүкті екенін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұл қуанышты 3 жыл бойы күткен. 

"Пендешілікпен ұл болса деп қоямын, ал Әлішер "ұл бола ма, қыз бола ма сендей жаннан перзент сүйсем бақыттымын" дейді", - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, бұл - оның екінші некесі. Бұған дейін әнші танымал актер Сәбит Әбдіхалықовқа тұрмысқа шыққан еді. Олардың қыздары бар.

Loading...