Сазгер, ақын Арман Қайназаров қайтыс болды

Сазгерді кафе жанында белгісіз біреулер ұрып кеткен

kyn.kz

Сазгер, ақын  Арман  Қайназаров дүниеден өтті,деп жазды  KYN.KZ тілшісі. Бұл жөнінде желіде сазгердің тыңдармандары жазған. 

Туған-туыстары ешқандай ресми мәлімет бермеген. Тыңдармандарының сөзінше ол Алматы қаласына қарасты Алатау ауданындағы  Шаңырақ ықшам ауданында қайтыс болған. Оқиғаға себеп ретінде кафеде болған төбелес айтылған.

Бұған дейін белсенділер танымал әндердің авторы қаңғыбас болып кетті деген ақпаратты таратып, сазгердің өзін біраз уақыт "сүйреген" еді. Бірақ сазгер Арман Қайназаровтың ішімдікке қатты салынғаны себепті көмек қолын созушылар ниетінен қайтқан.

Loading...