Ринат Зайытов: 80% қайдан шықты?

Ринат Зайытов даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

видеодан стоп кадр

Депутаттың «алаяқтық жасап жүргендердің 80 пайызы намаз оқитындар» деген сөзі қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Ол  Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында ойын түсіндіре кетті.

«Ресми статистика қайда деп жатқандар бар. Оны сұратуға болады. Тергеу орындарында мінездеме жасайды ғой.Солардан сұратып алсақ болады. Бұл бар факті. Қаржылық пирамида сияқты алаяқтық жасап жүргендердің көбісі діннің атын жамылып жүргендер. Негізі мұны мен айтқанымда емес, неге солай тарағанында болып тұр. Өйткені бізде дін тақырыбын сылтау етіп, бүлік жасағысы келетіндер бар. Оларға неғұрлым шу керек. Осыған дейін дайындалып келді. Бірінші хиджабтан бастады. Бұл тақырып жылда көтерілетін, бірақ басылатын, биыл неге басылмай жатыр? Неге бұл үкіметтен шешімін таппай жатыр, өзің ойлашы. Себебі қазіргі таңда бұл әңгіме керек болып тұр», – дейді Ринат Зайытов.

 

Loading...