Жол апатынан бір отбасы түгелдей қаза тапты

Қайтыс болған алты адамның төртеуі балалар

Ашық дереккөзі

БҚО-да көлік апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап. Қайтыс болған алты адамның төртеуі — балалар.

Оқиға Теректі ауданындағы Бекей кентінің маңында болды. Лада приора жүк тасымалдайтын DAF фурасымен бетпе-бет соғылған. Жеңіл көлікте ерлі-зайыпты төрт баласымен болған. Барлығы оқиға орнында көз жұмды. Балалардың екеуі мектеп оқушысы болса, қалған екеуі бес және бір жастағы бүлдіршін. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, көлік тізгіндеген 34 жастағы отағасы қарсы бағытқа шығып кетіпті. Ол рөлде қалғып кеткен болуы керек деп отыр. 

"Ол жерде Лада автокөлігінің тежеуішін басқан ізі қалған жоқ. Сондықтан да біздің тұжырым бойынша, Лада автокөлігінің жүргізушісі ұйықтап кетті. Не болмаса біреумен сөйлесем деп, көңілін бөліп жіберіп, автокөлікке байқамай соғылды",-дейді БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин 

Loading...