Алматы облысында 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматы облысында жер сілкінісі орын алды.

stan.kz

Жерасты дүмпуі Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциясында 19 қыркүйекте 06:57-де тіркелген. 

"Жер сілкнісінің эпицентрі Алматының шығысында 149 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,3. MVP магнитудасы – 4,6", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, 5 қыркүйекте қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан аумағында болған жер сілкінісін тіркеген еді. 

Loading...