Алматыда кимешек киген апалар хиджапқа қарсылық акциясын өткізді

Қазақтың аналары кимешек киген дейді акция ұйымдастырушылары

Qaz365.kz коллажы

Әлеуметтік желіде кимешек киіп, көшеге шығып, ұран тастаған бір топ апаның видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз хиджабқа қарсымыз. Бұл арабтардың киімі. Қазақтың аналары кимешек киген. Бұл 2-3 ғасырдан бері жалғасып келеді.  Ұрпақтан-ұрпаққа берілген дәстүріміз.  Мұның бәрі қазақ әйелінің тектілігін, ар-ұятының жоғары екенін көрсетеді», -дейді ортаға шығып сөйлеген апалардың бірі.

Акция барысында олар жас келінге кимешек кигізіп көрсетті.
Айта кетейік, кимешек – тұрмысқа шыққан әйелдің бас киімі. Кимешектің әйелдің бет-жүзін көрсетуге арналған ойығы бар, әйелдің иығын, омырауын жауып тұратын бөлігі болады.

Loading...