«Мылжың адамға Парламентте орын жоқ»: Нұртас Адамбай Ринат Зайытовқа шүйлікті

Ол еліміздегі намазхандардың 80 пайызы алаяқ деген сөзіне дәлел сұрады.

Инстаграм: nurtasadambay

Продюсер, актер Нұртас Адамбай Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытовтың сұхбаттарының бірінде айтқан «намазхандардың 80 пайызы алаяқ» деген сөзіне шамданып жатыр, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ел азаматы ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытовтан сұхбатта айтқан сөзіңізге дәлел келтіруіңізді сұраймын.

Еліміздегі намазхандардың 80 пайызы алаяқ екені туралы. Осы сөзіңізге дәлел беруіңізді сұраймын. Олай болмаған жағдайда мен сізді мылжың деп есептеймін. Мылжың адамға Парламентте орын жоқ, - дейді соңғы уақытта діндар болып көріне бастаған Нұртас Адамбай.

Ұқсас жаңалық: Қоғам Ринат Зайытовтың даулы мәлімдемесіне не деп жатыр?

Ұқсас жаңалық: Балғынбек Имаш Ринат Зайытовқа:«Қаһарынан Құдайдың қорықпайтын, Жаңа Қазақстанның «вип батыры»

Ұқсас жаңалық: Ринат Зайытовқа шабуыл жасап жатқан кімдер?

Ұқсас жаңалық: Қазақстанда алаяқтықтардың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды – Ринат Зайытов

Loading...