Абай облысының әкімі әйелімен бірге бейнебаянға түсті

17 қыркүйекте Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев жұбайымен бірге Семейдің туған күніне арналған бейнебаянға түсті.

turkystan.kz

Семейде қала күні салтанатты түрде атап өтілді. Демалыс күндері орталық алаңда мерекелік концерт өтіп, онда Диаз Мусалимовтың «Сем-Семей» әніне арналған бейнебаяны ұсынылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Туынды Youtube желісіне жүктелген. Онда облыс әкімі Нұрлан Уранхаев әйелімен бірге қала туралы ән айтқан хорға қосылғанын көруге болады.

 

Loading...