Рудныйда полиция қызметкері сәбидің өмірін құтқарып қалды

Рудный қаласында болған кездейсоқ жағдай нәрестенің өмірін қия жаздап, полиция қызметкері Әділ Қадірбеков шұғыл әрекетімен сәбидің өмірін құтқаруға жәрдемдесті

Polisia.kz

«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкері пәтерлерді тексеріп аралау барысында бесінші қабаттан түсіп бара жатып, көмек сұрап айқайлаған дауысты естіген. Содан тәртіп сақшысы бірден төмен қарай жүгірген.

«Оқиға орнына келгенде балалы әйелді көрдім. Уайымға әбден батқан ана баласының тыныс ала алмай жатқанын айтты. Айқайлаған дауыстан барлық көрші пәтерлерінен сыртқа шықты. Жедел жәрдемге қоңырау шалдым, бір күн бұрын нәресте орындықтан құлап кеткені белгілі болды», деді полиция қызметкері.

Жедел жәрдем кезекші дәрігерінің телефон арқылы берген хабарламаларын негізге ала отырып, Әділ Қадырбеков реанимация жұмыстарын бастаған. Көрсетілген көмектің арқасында бала көзін ашып, тыныс ала бастады. Келген дәрігерлер полицейдің іс-әрекетінің дұрыстығын растады. Баланың ата-анасы полиция қызметкеріне алғыс білдірді.

Дәрігерлердің тексеруі бойынша баланың жағдайы тұрақты.

Loading...