Қайрат Нұртастың басы дауға қалды

Әлеуметтік желідегі арналардың бірінде танымал әнші Қайрат Нұртас жол ережесін өрескел бұзғаны туралы ақпарат тарады.

aikyn.kz

«Тағы да мәдениет жаңалықтары. Халық әншісі Қайрат Нұртас Жамбыл облысы Қордай ауданында көлік жүргізу құқығынан айыратындай жол қозғалыс ережесін өрескел бұзды. Жүрген жеріне міндетті түрде зақым келтіретін пенде екен», – делінген жазбада. 

Бұған дейін Қайрат Нұртас дәл осы көлікпен әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше сурет-видео жариялаған болатын.

Бұл оқиғаға қатысты Жамбыл облысы Полиция департаменті өкілі пікір білдірді. Полиция мәліметінше, оқиға 25 тамызда тіркелген, ал көлік тізгінінде әншінің жүргізушісі болған.

«Бұл дерек Қордай ауданы «Алматы-Ташкент» тасжолының 215-шақырымында болды. Бұл құқықбұзушылықты жасағаны үшін Mercedes-222 маркалы көлігінің 37 жастағы жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 601-бабы (Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, 10 350 теңге көлемінде айыппұл салынды», – делінген полиция хабарламасында.

Loading...