«Күнделіктің» көзін құртатын кез келді

Ескі Қазақстаннан мұраға қалған, күштеп енгізілген «Күнделік» жүйесі.

ашық дереккөзден

Біле білсеңіз, бір кездері біздің білім саласының құзырлы органы 4 млн қазақстандық оқушының жеке мәліметтерін жинау, сақтау және өңдеу қызметін ешқандай іріктеу мен байқаусыз, ресейлік компанияға 12 жылға беріп жіберген!-деп хабарлады qamshy.kz

Нәтижесінде, бұл салада шет елден басқарылатын қолдан жасалған монополия пайда болды, деп дабыл қақты мәжілісте депутат Ерлан Сайыров.  

Оның сөзінше, енді Қазақстанның 7 млн адамы (балалар, мұғалімдер мен ата-аналар) кіруің міндетті «Күнделіктен» жағымсыз жарнама көруде.

Бұл аз десеңіз, «Күнделік» «Ұлттық ақпараттық технологиялар» мемлекеттік мекемесінің серверлерін пайдаланады және ол үшін оқу-ағарту министрлігі жыл сайын 800 млн теңге қаржы төлейді деген ақпаратты Бас прокуратура тексеруі қажет, деп қосты депутат.

  • «Күнделік» – барлық мектепте 2030 жылға дейін қолдануға міндетті жалғыз электронды жүйе, жасанды монополия.

Loading...